дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БҚО-да зорлықпен өлтірілген 32 жастағы тұрғынның мүрдесі табылды

БҚО-да зорлықпен өлтірілген 32 жастағы тұрғынның мүрдесі табылды
ашық дереккөзі
БҚО-да зорлықпен өлтірілген 32 жастағы тұрғынның мүрдесі табылды
Батыс Қазақстан облысында зорлықпен өлтірілген 32 жастағы тұрғынның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат . БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 қыркүйек күні сағат 19.05-те Оралға қарасты Круглоозерный кенті шетінде болды. «Қоқыс арасынан зорлықпен өлтірілген азиат пішіндес, жасы 30-35-тердегі ер адамның мүрдесі табылды. Кейін оның Казталов ауданының 32 жастағы тұрғыны екені анықталды. Көп ұзамай осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен 1999 жылғы тұрғын ұсталды. Қазіргі кезде аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар