Жаңалықтар
Сенат Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан шығаратын құжатты қабылдады
- авторjambylinfo.kz
- 22 қыркүйек, 2022
- 351
Сенат Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан шығаратын құжатты қабылдады
Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заңды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Бұл норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.
Осы орайда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленетін өзгерістер енгізу қарастырылған. Сондай-ақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынысына қолдау жасалды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қызылордада ауыл тұрғыны төрт күннен бері табылмай жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мектеп шыршадан құлаған мұғалімнің барлық шығынын өтейді
- авторИндира Тәліпқызы
- 17 қаңтар, 2025