дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Баку перзентханасындағы өрт: төрт сәби көз жұмды

Баку перзентханасындағы өрт: төрт сәби көз жұмды
ашық дереккөзі
Баку перзентханасындағы өрт: төрт сәби көз жұмды
Бакудегі республикалық перинаталдық орталықта болған өрттен жаңа туған төрт шақалақ көз жұмды, деп хабарлайды Жамбылинфо  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Бейкүнә сәбилер... Әзербайжанның бас прокуратурасы, төтенше жағдайлар министрлігі және медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару қауымдастығы Бакудегі республикалық перинаталдық орталықтағы өрттің шығу себебі туралы алдын ала қорытындыны бөлісті.
"Орталықтың жаңа туған сәбилерге арналған қарқынды терапия бөлімінде емделіп жатқан төрт нәрестенің мәйіті табылғанын қайғыра хабарлаймыз", - деп жазылған хабарламада.
Әзербайжан қылмыстық кодексінің екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, сондай-ақ абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан немқұрайлылық баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түтінге тұншыққан Перинаталдық орталықтың босану бөлімінде өрт шыққаны туралы хабар 9 қаңтар күні сағат 03.26-да түсті, деп хабарлады Әзербайжан төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметкерлері жетіп, өрт аз уақытта сөндірілді. Алдын ала тергеу барысында түтінге тұншығу салдарынан үш адам клиникалық медициналық орталықтың токсикологиялық бөліміне жеткізілгені анықталды. Оларға қажетті медициналық қызмет көрсетілді, жағдайлары тұрақты деп бағалануда. Медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару қауымдастығы (TƏBİB) өртке байланысты перинаталдық орталықтан 50-ге жуық науқас, оның ішінде жаңа туған нәрестелер, жүкті әйелдер мен босанған әйелдер эвакуацияланғанын мәлімдеді.
"Қауіпсіздік шаралары аясында жаңа туған нәрестелер, жүкті әйелдер және босанған әйелдер TƏBİB қарамағындағы басқа медициналық мекемелерге эвакуациялануда", - деп толықтырды ведомство.
Өрт кезінде перинаталдық орталықта 90 науқас болғаны анықталды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар