дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды

Жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
Жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды
Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Жамбылинфо  EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 қаңтар күні Жаңақала ауданы аумағында болған. Чапаев-Жаңақала жолы бойында Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасында Toyota Estima және Hyundai SantaFe автокөліктері бетпе-бет соқтығысты.
Жол апаты салдарынан бес адам мерт болды. Құтқарушылар марқұмдардың денесін автокөліктен шығарды, - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандардың төртеуі бір үйдің адамдары.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар