жұма, 20 қыркүйек, 2024 6:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Балғындарға базарлық

Балғындарға базарлық
ашық дереккөз
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында «Бар мейіріміміз – балаларға!» тақырыбында мерекелік шоу-бағдарламасы ұйымдастырылды

Шара барысында Симка мен Норик секілді ертегі кейіпкерлері балалармен бірге би билеп, ән айтып, оларды қуанышқа бөледі. Сондай-ақ «Печенье» мен «Қуыршақ бөпе» секілді кейіпкерлерді көрген кезде балалардың қуанышы қойнына сыймады. Солармен бірге көңіл көтеріп, ойындар ойнады.
Бұған қоса балғындар мерекемен құттықтауға жалпы білім мекемелерінен арнайы келген қонақтардың өнерлерін тамашалап, демеушілерден түрлі ойыншық сыйлықтар алып, ерекше әсерге бөленді.
Келесі кезекте орталық директоры М.Шлыкова, ата-аналар мен демеушілер ізгі тілектерін жеткізді. Жалпы осы күні балалар тек концерттік бағдарламалармен шектелмей, аулада сабын көпіршіктерімен ойнап, таза ауада тынықты.
Осы орайда айта кетерлігі, біздің орталықта әр мереке сайын түрлі ертеңгіліктер мен концерттер, жарыстар ұдайы ұйымдастырылады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар