Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Әрқашан күн сөнбесін» мерекелік кеші Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жүзден аса тәрбиеленушісінің қатысуымен өтті.
Іс-шара «Шабыт» би ансамблі мен «Ару» би студиясының би шашуымен ашылды.
Шара барысында №62 орта мектептің оқырмандары, ТОО «Ұста-Групп» Бүркітәлі орта мектебінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.
Сиқыр әлемімен таң қалдыратын Сиқыршы өз өнерімен кештің ажарын аша түсті. Алдар көсе, Қалқанқұлақ, Қаңбақ шал ертегі кейіпкерлері балалармен «Кім тапқыр?» және «Әріптер сөйлейді» интеллектуалды ойын ойнатып, би биледі.
Белсене қатысқан оқырмандарға Алғыс хат беріліп, балмұздақтар таратылды.
Кеш соңында «Бар мейіріміміз – балаларға» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде балалардың қызығушылығын тудыратын қазақ және шетел ертегілері мен танымдық энциклопедиялар қойылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2024