жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 0:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Баласын мұздатқышқа салып қойған

Баласын мұздатқышқа салып қойған
ашық дереккөзі
Баласын мұздатқышқа салып қойған
Алматы облысында екі жастағы баласын өлтірді деп күдіктелген әйел мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі. 12 мамырда іс жүргізу аяқталып, күдікті әйелге қатысты іс сотқа жолданған. Әйелге ұлын өлтірді деген айып тағылып отыр. Сот мәліметі бойынша, сарапшы айыпталушыда психикалық ауытқу бар деген қорытынды жасаған. «Сарапшы қорытындысына сәйкес С. есімді әйел «F20.0 шифрінің параноид шизофрения» түріндегі созылмалы психикалық ауытқуға шалдыққан. Әйел әрекетті жасау кезінде параноид шизофрения түрінде психикалық ауытқу жағдайында болған және өз іс-әрекетінің нақты сипатын, әлеуметтік қауіптілігін түсіне алмады және оны басқара алмады. Тергеу және сот алдынада жауап бере алмайды. Мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде шара қолдану ұсынылады», - деді Алматы облысы Мамандандырылған ауданаралық сот өкілдері. Осы қорытындының негізінде сот іс жүргізуді тоқтатуға және айыпталушыны мәжбүрлеп емдеуге арналған мамандандырылған психиатриялық стационарға жіберуге шешім қабылдаған. Қайғылы оқиға 2020 жылғы қазанда белгілі болды. Полицияға баланың әпкесі арыз түсірген. Оның айтуынша, ол шілдеден бері жиенін көрмеген. Ал баланың анасы оны Талдықорғанда күтушіге бергенін айтқан. Сәбидің жағдайына алаңдаған әпкесі үйде ешкім жоқта терезеден кіріп, мұздатқыштан баланың денесін тапқан. Полицейлер бірнеше сағаттан кейін Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстаған. Әйел баласын өлтіргенін мойындаған. Оның айтуынша, баланың әкесімен ажырасқан.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар