жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Барлық мектеп-колледждерде бір мезгілде қазақ күйлері орындалады

Барлық мектеп-колледждерде бір мезгілде қазақ күйлері орындалады
ашық дереккөзі
Барлық мектеп-колледждерде бір мезгілде қазақ күйлері орындалады
17 наурыз күні барлық білім ұйымында елорда уақытымен сағат 12:00-де «Наурыз мейрамы» ұлттық челленджі өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директоры Аман Сейтов айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Департамент басшысының айтуынша, шара білім алушыларды ұлттық рух пен отансүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған. «Домбырашылар челленджі-балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Мұндай челлендж оқушылар арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Осы жұма күні еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта домбыраның қоңыр үні күмбірлейтін болады. Бұл республиканың мәдени өміріндегі ерекше оқиға»,— дейді Аман Сейтов. Айта кетейік, биыл еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде Наурыз мейрамы 10-17 наурыз аралығында өтеді. Бұл күндері жалпы республикалық «Таза табиғат» акциясы, «Жасыл үй» челленджі, «Қайырымды ұлт», «Қолөнершілер жәрмеңкесі» қайырымдылық акциялары, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар фестивалі, «Наурыз – ұлыстың ұлы күні» атты сурет байқауы және «Отбасы – бақыт мекені»отбасылық жарыс басталады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде #Наурызмейрамы #Наурызкүйі хэштегімен флешмобтар мен челлендждер жоспарланған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар