Жаңалықтар
Елдегі нашақорлар саны ресми статистикадан 5 есе көп – министр
- авторjambylinfo.kz
- 14 наурыз, 2023
- 542
Елдегі нашақорлар саны ресми статистикадан 5 есе көп – министр
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында елдегі нашақорлардың ресми статистикадағы саны нақты жағдайда алшақ екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде нашақорлардың нақты және сенімді есебі жоқ. Сарапшылардың пікірінше, олардың нақты саны ресми деректерден кемінде 5 есе көп. Сондықтан, толыққанды есепті қалыптастыру үшін мәліметтерді әртүрлі дерекөздерден алу қажет», - деді министр.
Ведомство басшысы Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтардың бірнеше санатына есірткіге қарсы скринингті міндеттеу туралы ұсынысын қолдайтынын айтты.
«Сараптама есірткі тұтынушыларды бірінші сатыда анықтаса, ондай адамдардың 95 пайызын қалыпты өмірге оралтуға болатынын көрсетіп отыр. Үшінші сатыда анықталғандардың 15 пайызы ғана (оңалады-ред.). Есірткінің түрі көп. Тіпті мектепте де тарап жатыр, оны біз жасырып отырған жоқпыз. Бүгінде нақты есебі жоқ. Мен биоматериал скринингін өткізуді ұсынып отырмын. Негізі бұл Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы. Біз оны қолдадық. Енді жоғары оқу орнына түскенде, мемлекеттік және әскери қызметке орналасқанда, жұмысқа тұрғанда скринигтен өту керек болады. Қоғам мен балаларымыздың қауіпсіздігі маңызды екенін түсінуіміз керек. Биоматериалдардан есірткі анықталса, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Ондай мәлімет олардың ата-анасына жіберіледі», - деді Марат Ахметжанов.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






