жұма, 27 желтоқсан, 2024 16:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бас санитарды сотқа бергендер жеңіліп қалды

Бас санитарды сотқа бергендер жеңіліп қалды
ашық дереккөзі
Бас санитарды сотқа бергендер жеңіліп қалды
 «Карантиндік шектеулер адам құқығын таптайды» деп есептеген  қарағандылықтар облыстың бас  санитар дәрігерін сотқа берген еді. Алайда алғаш  болып шағым түсірген төрт талапкердің бірінші  сот процесінен-ақ тауы шағылып қайтты. Карантиннен қажыған  Қарағанды және Теміртау қалаларының тұрғындары облыстың бас санитарының үстінен сотқа арызданған болатын. Олардың ішінде қарапайым қала тұрғындарымен қоса, кәсіпкерлер де бар. Шағым түсіргендер  күнделікті режимге  айналған бетпердеден қажығандарын алға тартып, сауда орындары мен түрлі нысандарға қалаған уақытында кіріп-шыға алмайтындарына, бизнес нысандарының жиі жабылатынына шағым білдірді. Олар бас санитардың карантиндік шектеу шараларын  адам құқығын таптау деп есептеп, оны жоюды талап етті. Шағым түсіргендердің ішінде заңгер Ирина Фурсова да бар. Алғаш болып шағым түсірген төрт қарағандылық алғашқы сот отырысында жеңіліп қалды. Арызданушылардың айтуынша, оларды  сот процесіндегі  соңғы отырыс жарыссөзге шақырмапты. Олар кейін сот шешімін қолдарына алғанда жарыссөздің өтіп кеткенін бір-ақ білген.  Істі қараған судья шағымданушылардың талабын негізсіз деп есептеп, арыздарын қанағаттандырмаған. Заңгер Ирина Фурсова «талай сотқа қатысып жүріп, дәл мұндай түсініспеушілікті алғаш рет көрдім» деп қайран қалды. «Мен судьяның  екінші тарапты сотқа жарыссөзге шақыруға ниет білдірмегенін алғаш рет көріп отырмын. Олар мені соңғы сот процесіне қатыстырған жоқ, яғни біздің пікіріміз тыңдалмады. Қайдан біледі, мүмкін, бізде дәлел-айғағымыз бар шығар сотқа көрсететін, бізде мұндай дәлелдер шынымен де көп еді. Сондықтан бұл жерде процессуалдық ереже бұзушылық болды деп есептеймін. Олар өздерімен-өздері жарыссөзді өткізе салды­», — ­деп мәлімдеді заңгер Ирина Фурсова. Сотта жеңіліп қалған қарағандылықтар бұл шешіммен келіспегендіктен, апелляциялық сот сатысына жүгінетінін мәлімдеді. Бұдан өзге, тағы үш адам облыстың бас санитар дәрігері Юрий Залыгиннің үстінен сотқа арыз түсірген. Бұл істер  әлі сотта қаралып жатыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар