жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Батыл қадам – берекеге бастайды

Батыл қадам – берекеге бастайды
ашық дереккөзі
Батыл қадам – берекеге бастайды
Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына қаңтар оқиғасы туралы, шындықтын міндетті түрде анықталатыны жайлы және өзге де мәселелерге байланысты ой – пікірін зор ықыласпен таныстық. Бұл оқиға барлығымыздың қабырғамызды қайыстырды. Қатерлі жолдан халқын аман алып қалуға бар күш жігерін салып. Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев сын сағатта дер кезінде батыл шешімдер қабылдады. Әлемдік қауымдастықтың алдында беделі ел басына төнген қатерді еш күмәнсыз халықты батыл істерге жұмылдыра білді. Қазақстан халқы мемлекет басшысын шын пейілмен қолдады. Сын сағатта содырлардың сойқанына төтеп беруге бар күштерін жұмсады. Біздер облыстық ардагерлер Кеңесі жанындағы Билер Кеңесі, ардагерлер мемлекеттік басшысының табандылығының арқасында еліміздегі бүлік басылды. Біз осы қиыншылық кезінде табандылық көрсетіп бүлікшілерге қарсы тұрдық.Содырлармен күресте шындықты ту ұстап, халықты жұмылдыруға үлес қостық. Осы орайда ақпараттық құралдар елге шындық жеткізе білді, дегенмен әлеуметтік желі жүйесін шектеу қажет деп ойлаймыз. Алматы қаласы тарихи атымен қалу керек деп есептейміз. Бұл тәуелсіздіктің туы көтерілген, желтоқсан оқиғасында батылдық көрсеткен тарихи сәулетті ол мәңгілік қала. «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры балаларға көмектесетін спортты дамытуға, мәдениетті көтеруге т.б көмектесетін орталық болуы тиіс. Көрші мемлекеттермен ынтымақты сауда саттықпен айналысу экономиканы өрістетуге ықпалы зор деп ойлаймыз. Осылар елімізді дамыған мемлекеттер қатарына өтуге өсіп – өркендеуге жол ашатын бастамалар. Аталған батыл қадамдар береке бірлікке бастайды.   Сайлаухан АШАНОВ Облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар