жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елдің ертеңі жарқын

Елдің ертеңі жарқын
ашық дереккөзі
Елдің ертеңі жарқын
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Хабар» телеарнасына берген сұхбатымен танысып, «Қаңтар оқиғасына» байланысты көптеген жағдайларға қанығып, азаматтардың құқығы шын мәнісінде бұзылмайтындығына кәміл сендік. Себебі, сол бір дүрбелең кезде Президенттің көрегендігі, жағдайға байланысты дұрыс шешім қабылдайтындығына куә болдық. Соның арқасында ғана мемлекетіміздің қауіпсіздігі сақталып, тұрақтылыққа қол жеткіздік. Қалыпты өмірге оралған бірінші күннен бастап, адам құқығының бұзылмауына, бұзақылыққа біреудің айтағымен қызықтап ерген жастардың арандап қалғандарының арасын ажыратып, істі болмауын, құқығының тапталмауын баса айтып, бақылауда ұстайтынын ескерткен. Содан бері Президент Қ.К. Тоқаев «Қасіретті қаңтар» оқиғасына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және әлеуметтік желілерде тоқталып, халыққа түсінікті тілменен бүге-шігенсіне дейін шындықты жариялауда. Президент Қ.К.Тоқаевтың қазақстан халқы үшін мемлекет үшін аянбай тер төгіп, біздің болашағымыз үшін шырылдап, сырттан келген күштерге «Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» жүген іс-әрекетін бағалап, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында және отандық бизнес өкілдерімен болған кездесуде сөйлеген сөздерінен туындайтын міндеттер туралы облыстық Мәслихат хатшысы М.Н.Сарыбековтың, облыс ардагерлерінің, облыс әкімдігінің жастар саясаты, облыс әкімдігінің білім басқармасы басшыларының қатысуында кеңінен талқылап, ұсыныс қабылдады. Сол өткен кеңейтілген Төралқа отырысы қаулысын басшылыққа алып, облыстық ардагерлер кеңесі жанынан жасақталған ақпараттық насихаттық топ мүшелері елді мекендерге шығып, аталған мәселе бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне біздің ұрпақтың қол жеткізуі, біздің маңдайымызға жазылған бақ екендігін түсінген халық, әсіресе жастар ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ұстанған саясатын қолдайтұғынын мәлімдеуде. Құрметті қазақстандықтар, Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа заманғы жаңа Қазақстан» мемлекетін құру жолында барлығымыз «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара отырып, жұдырықтай жұмылып, елдің егемендігі мен береке-бірлігіне, Тәуелсіздігіміздің беріктігіне, жас мемлекетіміздің жарқын болашағына бір кісідей атсалысайық! Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар