дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Баян Алагөзова сотта жеңіске жетті

Баян Алагөзова сотта жеңіске жетті
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Продюсер блогер Дана Орманбаеваны ар- намысымды қорлады деп сотқа берген еді

Алматы соты Дана Орманбаева әлеуметтік желіде Баян Алагөзова жайлы жалған ақпараттар таратты деген үкім шығарды хабарлайды Jambylinfo.kz

"Жеке және заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы заңнаманы сот практикасында қолдану туралы" ӘК нормативтік қаулысының 8-тармағына, АК 141-бабының 1-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, таратылған мәліметтердің шындыққа сәйкестігін дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі,”- деп жазылған Алматы сотының хабарламасында. 

Дана Орманбаева таратқан ақпарат Алагөзованың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтірді және шындыққа сәйкес келмейді деп танылды.

Сот Орманбаеваны таратқан ақпаратын теріске шығаруға және Алагөзоваға моральдық зиянды түрінде 500 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Ал Баян Алагөзова моральдық зиян ретінде 2 миллион теңге талап еткен болатын.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар