жұма, 22 қараша, 2024 7:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында ведомствоаралық «Бекет-2024» оқу-жаттығуы басталды

Жамбыл облысында ведомствоаралық «Бекет-2024» оқу-жаттығуы басталды
Сурет: ашық дереккөзден алынды
Оқу-жаттығу шарасы 23-27 қыркүйек аралығында өтеді

Бүгін Жамбыл облысының аумағында Қорғаныс министрлігінің үйлестіруімен «Бекет-2024» дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығуға Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері жұмылдырылған.

Қорғаныс министрлігінің үйлестірумен басқару органдары, Полиция департаментінің, ҰҚКД, ТЖД және аумақтық қорғанысты қалыптастыру өңірлік бөлімшелері дағдарыс жағдайы туындаған кезде қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың түрлі сценарийлерін пысықтайды. 

Жамбыл облысының әкімі басқаратын өңірлік жедел штаб пен қорғаныс кеңесінің жұмысы ұйымдастырылады.

– Оқу-жаттығу мемлекеттік органдар мен аумақтық қорғаныс бөлімшелері жұмылдыру дайындығының жай-күйін тексеруге, ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етуге және түрлі ведомстволық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтауға бағытталған, – деді Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары – аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы генерал-майор Асқар Жоламанов. 

Қазіргі уақытта «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Айша бибі» оқу орталығының базасында Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бригадасының құрамына кіретін жиынға шақырылған запастағы офицерлер мен сержанттар атыс дайындығы бойынша сабақтарға кірісті.

 Алдағы уақытта олар өңірлік жедел штабпен өзара іс-қимыл жасай отырып, маңызды мемлекеттік және әскери объектілерді күзету мен қорғау мәселелерін іс жүзінде пысықтайды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар