Жаңалықтар
"Байбақты елінің ұрпағы". Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі әсерін бөлісті
- авторjambylinfo.kz
- 27 қараша, 2023
- 238
"Байбақты елінің ұрпағы". Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі әсерін бөлісті
Жақында ұлды болған әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әншінің айтуынша, ұлы ата-әжесінің тұңғыш немересі.
Байбақты елінің ұрпағы. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі, - деді Ерке Есмахан.Әнші жағдайының бірқалыпты екенін жеткізді.
Қазір бақытты сәттер мен ерекше сезімдерді бастан өткізіп жатырмыз. Әрине тәтті күндер мен ұйқысыз түндер де қалыс қалар емес. Әсіресе түнде әкесі екеуміздің жағдайымыз мәз емес болайын деп тұр. Әзірге перзентханадамыз. Жағдайымыз Аллаға шүкір керемет. Бұйыртса 1-2 күнде үйге қайтамыз, - деп жазды әнші.Айта кетейік, тамыз айында жұлдызды жұп "Бұл махаббат" атты әніне түсірілген бейнебаянда сәби күтіп жүргенін хабарлаған еді. 23 қараша күні әнші екінші ұлын дүниеге әкелді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала