сейсенбі, 26 қараша, 2024 16:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековты еске алды

Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековты еске алды
ашық дереккөзі
Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековты еске алды
Әнші Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбеков туралы естелігін айтып, әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Мақпал Жүнісованың айтуынша, өнер адамдары бір-бірімен құдаласып, жақсы байланыс орнатқан.
Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған, иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз, қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді, қазақ әншісі ретінде де өз тыңдармандарының алғысын алды, үш жылдан бері Құдалар болып талай бас қосып сыйластығымыз жарасымды еді, отбасыңыз жақсы болды, Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз, үй салып, ағаш ектіңіз. Артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін, иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын, - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Айта кетейік, әнші, музыкант, «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков дүниеден өткені туралы жазған едік.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар