Жаңалықтар
Базалық мөлшерлеме тағы да көтерілуі мүмкін - Ұлттық банк
- авторjambylinfo.kz
- 26 қазан, 2022
- 173
Базалық мөлшерлеме тағы да көтерілуі мүмкін - Ұлттық банк
Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов 2023 жылы да қаржы реттеушісінің ақша-кредит саясаты қатаңдауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«2023 жылдан бастап инфляцияны жоспарлы түрде төмендету үшін қажетті базалық мөлшерлеме деңгейіне барынша нақты бағалау жүргізіледі. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы көтерілу мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда Ұлттық банк ақша-кредит талаптарын одан әрі қатаңдату мүмкіндігін қарастыратын болады. Бұл сценарийдің ықтималдығы жоғары деп бағалануда», деді ол Ұлттық банктің арнайы брифингісінде.Ғалымжан Пірматов жыл соңына болжанып отырған инфляция мен ақша-кредит талаптарының бағалауларын ескергендерін, базалық мөлшерлеменің тағы да мүмкін екенін айтады.
«Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2022 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-де жарияланады», - деді Ұлттық банк басшысы.Еске салсақ, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз