сенбі, 23 қараша, 2024 21:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үш айда 100-ден көп банктік аударым алғандар тәуекел аймағына түседі - комитет

Үш айда 100-ден көп банктік аударым алғандар тәуекел аймағына түседі - комитет
ашық дереккөзі
Үш айда 100-ден көп банктік аударым алғандар тәуекел аймағына түседі - комитет
Қарапайым азаматтарға арналған жылдам аударымдар кәсіпкерлік қызметте күнделікті қолданыла бастады. Осыған орай Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтар орындауы тиісті міндеттемелерін ескертті, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Банктер жылдам аударымдарды енгізумен адамдардың мобильді қаржылық операцияларға қол жетімділігін жақсартты және кеңейтті. Дегенмен, тек қарапайым азаматтарға арналған жылдам аударымдар кәсіпкерлік қызметте кеңінен қолданыла бастады. Үш ай қатарынан 100 және одан да көп әртүрлі адамнан аударым алғандар тәуекел аймағына түседі. Олар туралы мәліметтер ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіне берілетін болады. Өз кезегінде жеке тұлға тіркеу есебіне тұрып, салықтарды аудара бастауға немесе осы қаражаттың пайда болуын түсіндіруге міндетті болады. Төленген салықтар мектеп салу, зейнетақы төлемдері, көпбалалы аналарға көмек көрсету, елді абаттандыру сияқты әлеуметтік маңызды қажеттіліктерге жұмсалады», - делінген ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшем шарттарына бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысы ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы жатады. Салық кодексі аясында 2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер қолда бар санаттарды толықтыра отырып, жеке тұлғалардың мынадай санаттары бойынша мәліметтерді Мемлекеттік кірістер органдарына кезең-кезеңімен береді: 1-кезең (2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) - мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары; 2-кезең (2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін) - бюджет саласының қызметкерлері және олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары; 3-кезең (2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін) - заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары; 4-кезең (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап) - халықтың қалған барлық санаттары. 2023 жылы екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бірінші кезеңнен бастап тұлғалар бойынша мәліметтер беруді жоспарлайды. Мемлекеттік кірістер комитеті бұйрық жеке тұлғалардың, адал салық төлеушілердің жеке аударымдарына әсер етпейтінін атап өтті. Бұл іс-шара салық мониторингін жүргізу кезінде тиімділікті арттыруға, ҚР заңнамасының нормаларын сақтауға және салық төлеуден жалтарудан болатын залалдың алдын алуға бағытталған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар