Белгілі спорт журналисі Диас Ахметшәріп өмірден өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 22 мамыр, 2025
- 434

Қаралы хабарды "Qazaqstan" ұлттық телеарнасының Telegram арнасы таратты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған.
Ұзақ жылдар «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телеарнасында спорт журналисі;
«Қазспорт» мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, Insport телеарнасының бас редакторы;
2003-2007 жж.- ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;
2010 - 2012 жж.– «Астана-СК» корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);
2012-2013 жж. - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған.
Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.
Ал, 2023 жылдың қазан айында ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалған болатын.
Диас Ахметшәріп – кәсібіне адал, ел спортын шынайы сүйген, ақпарат әлемінде өзіндік орны бар маман болды.
Айта кетейік, мамыр айының басында ол инсульт алып, жансақтау бөліміне түскен еді.
Ұқсас жаңалықтар
Сара Жармухамбетова Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 маусым, 2025
Петропавл мектебіндегі дүрбелең: акт залының төбесі құлады
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 маусым, 2025