жұма, 13 маусым, 2025 17:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Жамбылда денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
Фото: Jambylinfo.kz
Жиында өңірдегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеу жұмыстары қаралды.

Жамбыл облысында «AMANAT» партиясы жанындағы Білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Отарбайдың айтуынша, қазіргі таңда аймақтағы 11 медициналық нысанды қайта жаңғырту жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Дегенмен, 5 нысан бойынша жұмыстардың аяқталмау қаупі бар. Бұл мәселе қаржыландыру көздерін нақтылау арқылы шешілмек.

Сондай-ақ, жылжымалы медициналық кешендердің тиімділігі де назардан тыс қалмады. Биылғы 4 ай ішінде 10 кешен 115 елді мекенге барып, 36 мыңнан астам тұрғынды қамтыған. Қаралғандардың ішінен 2 392 адамнан ауру анықталып, 888 тұрғын алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына есепке алынған.

Жиында онкологиялық аурулар жайы да сөз болды. Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының дерегі бойынша, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында қатерлі ісіктің 367 жаңа жағдайы тіркелген. Ал облыс бойынша онкологиялық есепте тұрғандар саны – 9 495 адам.

Кеңес мүшелері саладағы түйткілдерді шешу жолдарын ортаға салып, нақты ұсыныстарын білдірді. Медициналық нысандарды жаңғырту, мобильді кешендердің жұмысын күшейту, онкологиялық аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыру қажеттігі айтылды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар