Билікті басып алу және сепаратизм үшін ШҚО-ның екі тұрғыны 5 жылға сотталды
- авторjambylinfo.kz
- 11 маусым, 2024
- 536
Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар мен үгіт-насихаттары үшін сотталды,-деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тергеу барысында анықталғандай, бұл азаматтар 2024 жылдың ақпан айында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы үгіт-насихат жүргізген.
«Бұл азаматтар референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттаған. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді. Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Заңды күшіне енген сот үкімімен жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мәселелері құқық қорғау және арнайы органдардың ерекше бақылауында» -деп жазылған Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының хабарламасында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз