сенбі, 2 қараша, 2024 15:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бір күнде 2,5 мыңға жуық қазақстандық банкроттыққа өтінім берді

Бір күнде 2,5 мыңға жуық қазақстандық банкроттыққа өтінім берді
ашық дереккөзі
Бір күнде 2,5 мыңға жуық қазақстандық банкроттыққа өтінім берді
Мемлекеттік кірістер комитеті банкрот атанғысы келген қазақстандықтарға қатысты алғашқы мәліметтерді жариялады. «3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініш қабылдау басталды. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша банкроттық туралы соттан тыс 1 469 өтініш келіп түсті. Оның ішінде eGov арқылы 1 399, ал e-Salyq Azamat арқылы 70 өтінім бар. Алғашқы өтініш электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те келді», - делінген хабарламада. Кірістер комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, кешкі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ел аумағынан 2 466 өтініш түскен. Банкроттыққа өтініш беру бойынша көш басында Түркістан облысы тұр (289 өтініш). Екінші сатыда 238 өтінішпен Алматы қаласы, үшінші орында Алматы облысы (227 өтініш) орналасқан.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар