жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағандыда 8 жасар оқушы Нұриден Амантай өртке оранған үйден 2 жасар қарындасын аман алып шықты

Қарағандыда 8 жасар оқушы Нұриден Амантай өртке оранған үйден 2 жасар қарындасын аман алып шықты
ашық дереккөзі
Қарағандыда 8 жасар оқушы Нұриден Амантай өртке оранған үйден 2 жасар қарындасын аман алып шықты
Үй толығымен отқа оранып, балалардың атасы мен әжесі күйіктен қайтыс болды. Нұриденнің отбасында өзінен бөлек тағы үш бала бар. Өрт кезінде 10 жасар ағасы мен 13 жасар әпкесі мектепте болған.  «Өрт үйде мен қарындасым, атам және әжем болған кезде басталды. Пеш тұрған кіреберісте бірдеңе жарылып кетті. Біз ол уақытта ас үйде тамақтанып отырған едік. Атам мен әжем дәлізге не болғанын көру үшін шығып кетіп, ұзақ уақыт оралмады. Содан кейін олардың артынан барып, пештің жанында бәрі жанып тұрғанын көрдім. Дәлізден шыға алмайтынымды түсіндім. Ас үйге жүгіріп барып, анама қоңырау шалып, қарындасымды алып, оны терезенің алдына көтердім. Содан кейін оған өзім көтеріліп, Рабиямен бірге секіргуге дайындалдым. Осы кезде көршілер терезеге қарай жүгіріп келді. Оларға қарындасымды бердім де, өзім шықтым», – деп келтіреді Нұриденнің сөзін stan.kz.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар