Жаңалықтар
Журналистерге шабуыл ұйымдастырған адамның аты жарияланды
- авторjambylinfo.kz
- 4 наурыз, 2023
- 226
Журналистерге шабуыл ұйымдастырған адамның аты жарияланды
«Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырушы және бастамашы Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды. Ол ұсталды және соттың рұқсатымен қамауға алынды», - делінген ресми хабарламада.
Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Жауап алу кезінде барлық шабуылдарды өз бетінше ұйымдастырғанын, өйткені бірқатар танымал БАҚ өкілдеріне жеке талап-тілегі болғанын мәлімдеді.
Клебанов-Маневич хакерлер тобы мен орындаушыларды жалдаған. Ал ақшаны криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырды.
Тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз