Жаңалықтар
Бір күнде үшінші ұшақ апаты: Норвегияда ұшақ апатты жағдайда қонды
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 желтоқсан, 2024
- 1.1k
Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен
Норвегиядан Нидерландқа бағытталған ұшақ Осло әуежайынан Амстердамға ұшып шыққан кезде қатты дыбыс естілген. Anadolu жазуынша, сөйтіп, Саннефьорд халықаралық әуежайына қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz https://malim.kz/ сілтеме жасап.
Апатты қону кезінде Нидерландтың «Корольдік әуе компаниясына» (KLM) тиесілі Boeing 737-800 ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып, шөпті алаңға өтіп кеткен.
Ішіндегі 176 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі зардап шекпеген, оқиға бойынша тергеу басталған.
Норвегиялық БАҚ мәліметтері бойынша, ұшақ гидравликалық жүйенің ақауына байланысты қонуға мәжбүр болған.
Келесі мақала
Германияда улы газдан 41 адам зардап шекті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






