Жаңалықтар
Жамбыл облысында 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 желтоқсан, 2024
- 275
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады
Жамбыл облысына қарасты Көкбастау ауылындағы Амангелді орта мектебінің 10-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Zakon.kz cілтеме жасап.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 15 жастағы жасөспірім - толық емес отбасындағы алты баланың бірі. Ауылдастарының айтуынша, оның әкесі осыдан 4 жыл бұрын көп жылғы дерттен қайтыс болған.
Оқушының неліктен мұндай қадамға барғанын полиция анықтайды. Қазір тәртіп сақшылары өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, прокуратура, білім басқармасының қызметкерлері, психологтар мен Жамбыл облысы бойынша балалар құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр".