сәрсенбі, 1 қаңтар, 2025 7:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық мұғалім физика сабақтарын TikTok-та түсіндіру арқылы әлемге танылды

Тараздық мұғалім физика сабақтарын TikTok-та түсіндіру арқылы әлемге танылды
Фото: opennews.kz
Қазір оның бейнесабақтары 6 млн астам қаралым жинады.

Таразда физика пәнінің мұғалімі тик-ток платформасында «Орталық Азиядағы креативті контент иесі» атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz http://24.kz сілтеме жасап.

Мейірлан Жусанбаев физикалық заңдылықтарды оқушылыраға тәжірибе жасау арқылы жеңіл тілде түсіндіреді. Қазір желіге жүктеген бейнелері миллиондаған қаралым жинаған.

Мейірлан Жусанбаев ұстаздық салада 13 жыл бойы еңбек етеді. Қазір сабақты құр теориямен оқушының санасына сіңіруден нәтиже жоқ, - дейді ол. Осыған байланысты 4 жыл бұрын тың тәсілге бет бұрған. Физикалық формулаларға зертханалық әдіс жасап, түрлі заңды балаларға тірідей көрсетіп бастаған. Мұндай әдіс оқушылардың қызығушылығын оятып, қабілетін дамытқан.

Мейірлан Жусанбаев, физика пәнінің мұғалімі:

Мен өзім мектеп оқушысы болған кезде мұндай эксперименттерді мұғалімдер өткізбейтін. Яғни физиканы түсіну өте қиын болатын. Қазіргі заманда қол астымызда бүкіл құрал-жабдық бар. Жақсы физик болу үшін балаға тек қана қызығушылық керек. Егер бала осы эксперименттерді өз қолымен жасайтын болса, ол оны өмір бақи есіне сақтап қалады.

Жас мұғалім 120-ға жуық тәжірибе жасап, бәрін таспаға түсіріп желіге жүктеген. Қазір оның бейнесабақтары 6 млн астам қаралым жинады. Тәжірибелері әлемдік деңгейде әдістемелік құралға айналып барады. Қиын пәнді формуламен емес, мысалмен үйреткен мұғалімнің сабағына оқушылар да қызыға қатысады.

Мейірлан 800-ден аса оқушыны физикаға баулыған. Бір қызығы солардың жартысы осы бағытты мамандық ретінде таңдапты. Еңбекқор ұстаз 2023 жылы зияткерлік мектептер арасындағы байқауда «Жыл мұғалімі» атанды.  2024-те тик-ток желісінде білім бағыты бойынша «Орталық Азиядағы үздік креативті контент иесі» деген марапат алды. Сонымен қоса «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығын иемденді. Ендігі ақсаты - «Әлем мұғалімі» байқауында бақ сынау. 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар