Жаңалықтар
Ұшақ апатында қаза тапқан Гаухар Шәймерденова мен оның ұлын туыстары мен достары соңғы сапарға шығарып салды.
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 желтоқсан, 2024
- 1020
Марқұмдардың жаназасы Астана қаласындағы Республикалық орталық мешітте өтті.
Ақтау маңында болған ұшақ апатында қаза тапқан Гаухар Шәймерденова мен оның ұлын туыстары мен достары Астана қаласында соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шаймерденова мен оның 11 жастағы ұлы Жұмағат Эльдар апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортында болған.
25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты.
Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.
29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл мен Жетісуда қант қызылшасын өңдеу қарқын алды
- авторБақытжан Бекболат
- 31 қазан, 2025
Жаңалықтар
Қарашадан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қазан, 2025






