жексенбі, 16 наурыз, 2025 13:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бір литр сүтті 2 812 теңгеге сатып алмақ болған: Павлодар прокуратурасы қаржыны бейберекет жұмасаған балабақшаны анықтады

Бір литр сүтті 2 812 теңгеге сатып алмақ болған: Павлодар прокуратурасы қаржыны бейберекет жұмасаған балабақшаны анықтады
Jambylinfo.kz
Павлодар қалалық прокуратурасы жергілікті балабақшалардың азық-түлік өнімдерін нарықтық бағадан әлдеқайда қымбатқа сатып алу әрекеттерін әшкереледі.

Қаладағы №23 балабақша мемлекеттік сатып алу порталында 18 мың литр сүтті 50,6 миллион теңгеге сатып алу туралы хабарландыру жариялаған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Балабақша сүттің бір литрі 2 812 теңгеден есептеген.

"Нарықтағы дәл осындай (майлылығы 2,5 пайыз) сүттің орташа бағасы 345 теңге. Егер сатып алу жүзеге асқан жағдайда, бюджет қаражатынан 44,4 миллион теңгеге негізсіз артық жұмсалар еді", – деп хабарлады жергілікті прокуратура.

Сонымен қатар, №102 балабақша 14,5 мың килограмм картопты 19,4 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Яғни бір килограмы 1 340 теңгеден есептелген, ал дүкендерде картоптың әлеуметтік бағасы 120 теңге, ал орташа нарықтық құны 380 теңге.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар