жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бір сыныпта 30% ЖРВИ тіркелсе, оқу онлайн форматқа ауыстырылады - министрлік

Бір сыныпта 30% ЖРВИ тіркелсе, оқу онлайн форматқа ауыстырылады - министрлік
ашық дереккөзі
Бір сыныпта 30% ЖРВИ тіркелсе, оқу онлайн форматқа ауыстырылады - министрлік
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сай, сынып оқушыларының ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекциясы) жұқтыру көрсеткіші 30 пайыздан асса, білім беру қашықтан оқу форматына ауыстырылады. «Пандемия кезінде қалыптасқан жағдай бойынша қазір білім беру ошақтарында қашықтан оқыту (онлайн) мүмкіндігі қарастырылған. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің талабына сәйкес, бір сынып оқушыларының 20-30 пайызы ЖРВИ-мен ауырған жағдайда қашықтан оқыту жүйесіне көшіру ұсынылады. Ал, бір сыныпта ЖРВИ-мен сырқаттанушылардың үлесі 30%-дан асқан жағдайда оқу онлайн-форматқа ауыстырылады», - деді Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Бұған дейін елімізде 1,8 млн адамға тұмауға қарсы вакцина егілгені туралы хабарлаған едік, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 392 076.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар