Жаңалықтар
Өгей қызына зорлық жасаған оралдық 20 жылға сотталды
- авторjambylinfo.kz
- 3 қараша, 2022
- 197
Өгей қызына зорлық жасаған оралдық 20 жылға сотталды
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өгей қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған ер адам сотталды, деп хабарлайды Жамбылинфо Uysmedia.kz.
Сот мәліметінше, Орал қаласының П. деген тұрғыны ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.
Ол сондай-ақ педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметтермен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.
Сонымен қатар жәбірленушінің заңды өкілінің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталушыдан 7 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді.
Сотта анықталғанындай, аталған тұрғын 2008 жылғы өгей қызының дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
П-ның кінәсі жәбірленушінің және заңды өкілдің, куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен, беттестіру, оқиға орнын, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен және сараптама қорытындыларымен дәлелденген.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз