Жаңалықтар
Рақымшылыққа ілінгендердің аты базада тұрады: Олар мемқызметке жұмысқа тұра алмайды
- авторjambylinfo.kz
- 3 қараша, 2022
- 191
Рақымшылыққа ілінгендердің аты базада тұрады: Олар мемқызметке жұмысқа тұра алмайды
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев рақымшылыққа ілінген азаматтардың анықтамасында «сотталған» емес, «рақымшылыққа ілінген» деп жазылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Рақымшылыққа ілінгендердің тізімі базада сақталады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметке және құқық қорғау қызметіне ондай адамдар жұмысқа алынбайды», - деді ол.Шындалиевтің айтуынша, олардың анықтамасында «рақымшылыққа ілінген» деген сөз тұрады.
«Рақымшылыққа ілінген адамдар «ақталған» санатқа жатпайды. Олар шын мәнінде қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылады. Бұл ақтамайтын негіздеме. Сол себепті рақымшылыққа байланысты жазадан құтылған азамат үшін заңнама шеңберінде біршама шектеу бар. Атап айтқанда, рақымшылыққа ілінген азаматтар жоғарыда айтқанымдай, мемлекеттік қызметке де, құқық қорғау органдарына да жұмысқа тұра алмайды. Ал ол адамның туған-туыстарына, бауырларына, қарындастарына бұл шектеулердің ешқандай қатысы жоқ», - деді ол.Еске сала кетсек, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Заң бүгіннен бастап күшіне енеді. Ол бойынша Қаңтар оқиғасы қатысты мың жарым адамға рақымшылық жасалатын болды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала