дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаевтың әйелі болғаныма өкінбеймін – Назым Қаһарман

Бишімбаевтың әйелі болғаныма өкінбеймін – Назым Қаһарман
Фото - ашық дереккөзден
Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевтың 14 жыл әйелі болған

Ұлыс медиа ютуб каналына бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қаһарман сұқбат берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Назым Қаһарманның сөзінше, қандай абьюзер болса да, бетпердесін бір күнде шешпейді. Дәл осылай Қуандық Бишімбаев та 5 жылдан кейін асау мінезін көрсете бастаған. Бұрынғы ұлттық экономика министрімен 14 жыл бір шаңырақ астында тұрған  Назым Қаһарманның Бишімбаевтан 3 баласы бар. Ол бұрынғы күйеуінің некелі жары болғанына өкінбейтінін айтты. Бірақ, журналистің сұрақтарына жауап бере отырып, сол кездері отбасында «ыдыс-аяқ жиі сылдырлағанын» жасырмады.

  • Ол шын келбетін үйленгеннен 5 жыл өткеннен кейін көрсете бастады.  Айқайлап, тосын мінез танытты. Ол кезде менің 2 балам болған. Тәуелді болдым. Өйткені бала босанған әйелдер нәзік, шарасыз болады ғой. Осындай адамдар әйелдің шарасыз хәлін пайдаланады. Қуандық та мені қызымды босанған уақытта қорқытып, «балаларымды алып кетемін» деген. Осындай жағдайға ұшырадым.  Бірақ, менің айтайын дегенім, абьюзерлер бетпердесін бірден шешпейді,- деді Назым Қаһарман.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар