жексенбі, 7 шілде, 2024 18:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кеңес-Жапон соғысында қолданылған тапанша табылды

Кеңес-Жапон соғысында қолданылған тапанша табылды
Polisia.kz
Намбу тапаншасын Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында құрылысшылардың көзі шалған

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музей қоры ерекше жәдігермен толықты, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Polisia.kz мәліметінше, жапондық Намбу тапаншасы Жаңаарқа ауданында үй жағдайындағы қарапайым құрылыс барысында жер астынан табылды. Газетке оралған қару жер қойнауында 100 жыл көмулі жатқан.

14 типті Намбу тапаншасын 1925 жылы Кидзиро Намбу жасап шығарған. Оны император армиясының офицерлері 1937 жылы Қытайға қарсы соғыста, сондай-ақ 1945 жылы Кеңес-Жапон соғысы кезінде қолданған.

Құнды экспонатты музейге Ұлытау облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Бауыржан Қалыбеков табыстады.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар