дүйсенбі, 6 сәуір, 2026 19:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл 42 875 жамбылдық жұмыспен қамтылады

Биыл 42 875 жамбылдық жұмыспен қамтылады
Фото - ашық дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиев аймақтағы еңбек нарығындағы ахуал мен жүзеге асып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Оның мәліметінше, 2026 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 42 875 жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазіргі таңда 4 847 жұмыс орны ашылып, жоспардың орындалу деңгейі 11,3 пайызды құрап отыр. Оның 3 283-і тұрақты жұмыс орындары. Жыл басынан бері мансап орталықтарына 6 099 жас өтініш білдіріп, олардың 1 947-сі түрлі жұмыспен қамту шараларына тартылған. Сонымен қатар «Еңбек.kz» жүйесінде 14 442 азамат тіркелсе, соның 4 728-і жастар. Жұмысынан айырылып, әлеуметтік төлем алған азаматтар саны 5 394 адамды құраған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Субсидияланатын жұмыс орындарына 741 адам жолданып, жоспар 9,2 пайызға орындалған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу аясында биыл 6 750 жұмыс орнын құру көзделген. Бүгінгі күнге 1 396 жұмыс орны ашылып, көрсеткіш 20,7 пайызға жеткен.

Жұмыспен қамтудың маңызды бағыттарының бірі – қайтарымсыз гранттар беру. Биыл бұл қолдау шарасымен 820 азаматты қамту жоспарланып отыр. Құжаттарды қабылдау толық цифрлық форматқа көшірілген. Сондай-ақ жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту шаралары да жалғасуда. Жалпы 1 085 адамды оқыту көзделсе, оның 750-і білім беру ұйымдарында, ал 335-і жұмыс орындарында тәжірибеден өтеді. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған.

Бұдан бөлек, «Skills Enbek» платформасы арқылы 2 820 адамды онлайн оқыту жоспарланған. Қазіргі уақытта 725 адам оқуға жолданып, 121-і сертификат алған. Ал «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 593 адам оқуға қатысып, оның 173-і оқуын сәтті аяқтаған. Жалпы оқу курстарының ұзақтығы 37–40 сағатты құрайды және жаңа мамандық меңгеруге мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін 15 мыңнан астам жұмыссыз азаматты қамтитын 120 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланған. Қазірдің өзінде Тараз қаласы мен аудандарда 20 жәрмеңке ұйымдастырылып, нәтижесінде 278 адам жұмыспен қамтылған.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Жауапты басқарма өкілдерінің айтуынша, жыл соңына дейін жоспарланған барлық көрсеткіштер толық орындалады деп күтілуде.

Али ШУКУРУЛЛАЕВ 
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 4-курс студенті

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар