Жаңалықтар
Биыл 600 млрд. теңгеден астам заңсыз активтер мемлекетке қайтарылды - Антикор
- авторjambylinfo.kz
- 28 желтоқсан, 2022
- 579
Биыл 600 млрд. теңгеден астам заңсыз активтер мемлекетке қайтарылды - Антикор
Биыл 600 млрд теңгеден астам заңсыз активтер мен ақшалай қаражат мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Жамбыл инфо ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылы құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттарды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз етті.
Олардың ішіне қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақша кіреді.
Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады» делінген хабарламада.
Президенттің тапсырмасы бойынша барлық қайтарылған активтер мектеп құрылысына бағытталатын болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
how to get an attractive scandinavian girl
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






