дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Қазақстан 5,7 ТРЛН теңге қарыз алады- Әлихан Смайылов

Биыл Қазақстан 5,7 ТРЛН теңге қарыз алады- Әлихан Смайылов
ашық дереккөзі
Биыл Қазақстан 5,7 ТРЛН теңге қарыз алады- Әлихан Смайылов
Қарыз алу көбейді. Ал кейбір дерек көздерінде еліміз сыртқы қарыз жағынан әлем бойынша жоғарғы сатыда тұр. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде бюджет тапшылығын жоюға 5,7 трлн теңге қарыз алынатынын айтты. «Бюджет тапшылығын жабу мен мемлекеттік қарызға қызмет көрсету үшін қаражат тарту да маңызды мәселе. Биыл бюджет тапшылығының ЖІӨ-ге қатынасы 2,7% немесе 3,2 трлн теңге болды. Бұрын тартылған қарыздарды өтеу қажеттілігін ескерсек, қарыз алу қажеттілігі 5,7 трлн теңгені құрайды. Бұл қомақты сома», - деді Смайылов. Үкімет басшысы бұл бағыттағы қарыздың негізгі бөлігі теңгемен және ішкі нарықтан алынуы керектігін атап өтті. «Тапшылықты негізінен ұлттық валютадағы Ішкі қарыз алу арқылы қаржыландыру қажет. Осылайша біз валюталық тәуекелдерді теңестіреміз және ішкі нарықты дамытамыз. Осыған қарамастан, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қаражат тартудың барлық әлеуетін, оның ішінде сыртқы нарықтарға шығуды пайдалану қажет. Осы бағыттағы жұмыс бюджетті атқару кезінде кассалық алшақтықтар болмайтындай, ал барлық борыштық индикаторлар қауіпсіз деңгейде болатындай етіп құрылуы тиіс», - деді Үкімет басшысы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар