дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 10:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда көлік жуу орнынан жасырын ақша ұрлағандар ұсталды

Таразда көлік жуу орнынан жасырын ақша ұрлағандар ұсталды
ашық дереккөзі
Таразда көлік жуу орнынан жасырын ақша ұрлағандар ұсталды
Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-ші полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны белгісіз адамдардың оның көлік жуу орнына заңсыз кіріп, сейфті бұзып, 500 000 теңге көлеміндегі ақшасын жасырын түрде ұрлап кеткендігі туралы шағымданды. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға заңсыз кіріп жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Жамбыл ауданы мен Тараз қаласының тұрғындарын анықтап, ұстады. Екеуі де 2004 жылы туған. Олардың бірі осы көлік жуу орнының қызметкері болып істейді. Күдіктілер өз кінәларын толық мойындады, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы қылмысты жасаған үшінші серіктес іздестірілуде.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар