сейсенбі, 1 қазан, 2024 14:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУҒА БЮДЖЕТТЕН 2,5 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУҒА БЮДЖЕТТЕН 2,5 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
ашық дереккөзі
БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУҒА БЮДЖЕТТЕН 2,5 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
"Облыста білім саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. 2022 жылы білім саласына 244,1 млрд теңге қаржы қарастырылса, ағымдағы жылы 284,8 млрд. теңге қаражат бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға артты". Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтты. Брифинг барысында Нұржан Сәбитұлы білім нысандарының жағдайын да баяндады:
Жаңа оқу жылында 494 мектепке (446 – мемлекеттік 40 - жекеменшік, 5 - мектеп-интернат, 3 - кешкі мектеп) болжаммен 249 мыңнан аса оқушы келеді деп күтілуде. 1 сыныпқа бүгінгі күнге 22 861 оқушы қабылданды. Ағымдағы жылы 25 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 9 мектеп пен 5 мектептің жапсарлас құрылысы  пайдалануға беріледі. Ал, 11 нысан құрылысы 2024 жылы аяқталады (8 мектеп, 3 мектепке қосымша ғимарат). «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында соғылатын 12 мектептің 7-нің құрылысы ағымдағы жылы басталса, 5-і 2024 жылы басталмақ. Бұдан бөлек, 4,4 млрд. теңгеге 17 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде (15 мектеп, 1 балабақша, 1 колледж). Бүгінгі күні 1 мектеп-интернаттың (Тараз қаласындағы «Мейiрiм» мектеп-интернаты) күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал, 3 мектепте жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мемлекеттік сараптадығы белгіленген мерзіміне сәйкес осы жылдың қазан-желтоқсан айларына белгіленген (Тараз қаласындағы №28 орта мектеп, Мойынқұм ауданындағы №2 және Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектептер). Күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы мектептердің оқушыларын жақын орналасқан мектептерге оқыту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқада, Тараз қаласындағы №28 орта мектептің оқушылары жақын орналасқан №20 орта мектепке тасымалданып оқытылатын болады. Мойынқұм ауданы бойынша айтатын болсақ күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептердің жақын орналасқан елді мекендердегі мектептермен  ара қашықтығы 16-18 км және Шу-Бурыл Байтал республикалық тас жолы арқылы қатынау керек. Республикалық тас жолында көлік қозғалысының көп болуы, тасымал кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қиыншылық тудырады. Осыған орай, мектеп оқушылары осы ауылдардағы мемлекеттік мекемелерде оқытылатын болады. Қазіргі таңда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні облыста үш ауысымды 4 мектеп (Меркі ауданындағы №21, №48, Қордай ауданындағы №7, Тараз қаласындағы №3 мектептер), апатты 3 мектеп (Шу ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің спорт зал, асхана, мәжіліс зал бөлігі, Мойынқұм ауданындағы 2 мектеп, Мыңарал ауылындағы Қ.Қасымов орта мектебі және Қарабөгет ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп), оқушы орнының тапшылығы бар 2 мектеп (Тараз қаласындағы №53, №55 мектептер) тіркелген. Үш ауысымда оқытылатын 4 мектептің мәселесі 2023-2024 жылдары шешілетін болады. 2 мектептің мәселесі қосымша құрылыс есебінен шешілсе, 2 мектептің мәселесі «Жайлы мектеп» құрылысы есебінен шешу жоспарланып отыр. 2023-2025 жылдары апатты 1 мектептің мәселесі қосымша құрылыс, 2 мектептің мәселесі жаңа мектеп құрылыстары есебінен шешіледі. Тараз қаласындағы оқушы орны тапшылығы бар 2 мектептің мәселесі ағымдағы жылы Арай алқабындағы жаңа мектептің құрылысы есебінен шешіледі (Тараз қаласы №53, №55 орта мектептер).
Сондай-ақ алдағы жылыту маусымына оқу ордаларының дайындығы да айтылды:
Бүгінгі күні білім нысандары жылыту маусымына 90%-ға дайын. Сондай-ақ, 2,5 млрд. теңгеге мектептер жаңғыртылуда (90 модификациялық кабинеттермен қамтамасыз ету үшін 776,4 млн. теңге, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1 765,7 млн. теңге).                                                                      Бүгінге 22 модификациялық кабинеттер сатып алынды. Білім беруді ақпараттандыру – сапалы білім берудің тетігі. Өңірде мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған. Интернет жылдамдығы 20 мегобит/сек төмен 165 мектептің жылдамдығын көтеруге 61 млн. теңге бөлінді. Байланыс операторларымен бірлескен жұмыстар нәтижесінде 28 мектепте  интернет жылдамдығы көтерілді.  
Қазіргі таңда, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары мемлекеттік 690 білім беру ұйымында жүргізілуде (оның 224-і балабақша, 446-ы мектеп, 20-сы колледж). Білім беру нысандарының қауіпсіздігіне 1,8 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күні 690 білім нысандары 100% бейнебақылау камераларымен қамтылды. Өңірдегі ІІ және ІІІ топтағы 365 мемлекеттік білім беру ұйымдардың 328-сі (90%) интеграцияланған, 346-сы (95%) дабыл түймесімен жабдықталған. Мамандандырылған күзет және турникетпен қамтамасыз етілуі қажет ІІІ-топқа жататын 228 білім беру ұйымы (174 мектеп, 45 балабақша, 9 колледж) 100% күзетпен, 207-сі (91%) турникетпен қамтамасыз етілген. Ал,  «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясына келер болсақ,аталған акция ағымдағы жылы 1 тамыздан бастап «Жақсылық жаса!» ұранымен өткізілуде. Акцияны өткізу 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Акция бойынша аудандар мен Тараз қаласында 2023 жылғы 29 шілдеден бастап орталық алаңдар мен саябақтарда, сауда орталықтарында жәрмеңкелер өткізілуде. Мектеп жәрмеңкелерін өткізу 26 тамызға дейін жоспарланды. Акция аясында 2023 жылғы 1-14 тамыз аралығында облыс бойынша 445 рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында 2023 жылдың 1-28 тамыз аралығында жекелеген санаттағы 2130 балаға 68 млн. 377 мың теңгеге демеушілер есебінен көмек көрсетілді. Дені сау ұрпақ – сапалы ұлттың негізі десек, балалардың құнарлы тамақпен қамтылуына барынша ден қою керек! 2023 жылға жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамтылған отбасынан шыққан 49 137 оқушыны әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 6,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл көрсеткіш мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінген шығындарынан облыс бойынша 6,3% құрайды. Балаларды киім-кешек және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге 2022 жылы әр балаға 37 389 теңгеден қарастырылса, ағымдағы жылы әр балаға 40 567 теңгеден бөлініп, ата аналардың жеке шоттарына аударылуда. 1 қыркүйектен бастап барлық 1-4 сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Оған облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Мектепке дейінгі ұйымдардағы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 11 326 баланы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 425 678,0 мың теңге қарастырылды. Өңірдегі «Мейірім» жобасы аясында 96 мекеме 137 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға әлеуметтік қолдау көрсетуде. Жоба аясында 1331 баланың «Отбасы банкінде» ашылған шоттарына бекітілген мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындар 65 млн. теңгеден астам қаржы аударды. Бұл жобаға қолдау көрсету – жастардың өмірден өз орнын табуға зор септігін тигізері анық.  Облыс әкімінің бірінші орынбасар ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеу бойынша жұмыстарды да күн тәртібінен түсірмейтіндігін жеткізді.
Өткен оқу жылында демеушілердің қолдауымен 150 млн. теңгеге психологиялық- медициналық-педагогикалық кабинеттердің материалдық базалары нығайып, қызметтік автокөліктер алынды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен Қаратау қаласындағы облыстық «Үміт» мектеп-интернаты 28,7 млн. теңгеге қажетті құралдармен қамтылды. Аталған қорға алдағы уақытта 8 мекеменің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 654 млн.теңгеге қажетті құрал-жабдықтардың жобалары әзірленіп, жолданды. Бүгінгі таңда қосымша топтарды ашу үшін «Асыл Мирас» Аутизм орталығына қосымша құрылыс салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шараларды өткізудің облыстық орталығына қосымша құрылыс салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді және мемлекеттік сараптамадан өтуде (орталықтың қосымша құрылысын салу және жарақтандыру өңірде қосымша білім берудің инклюзивті бағдарламасын неғұрлым белсенді енгізуге, инклюзия бойынша педагогтерді даярлауды жүзеге асыруға, облыс орталығының ерекше қажеттіліктері бар балаларды үйірме және секциялық жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді).   Сонымен  қатар,  оқулықтарды сатып алуға ағымдағы жылы 3,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етілетін болады.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар