сейсенбі, 1 қазан, 2024 16:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлеуметтік кодексегі өзгеріс қандай?

Әлеуметтік кодексегі өзгеріс қандай?
ашық дереккөзі
Әлеуметтік кодексегі өзгеріс қандай?
Осыдан бірнеше ай бұрын нақтырақ айтсақ 2023 жылдың жиырмасыншы сәуірі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік кодекске қол қойды. Онда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бес новелла көрініс тапты. Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың заманауи ақпараттық жүйелері негізінде қалыптастырылады және проактивті форматта әлеуметтік қызметтер алуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, балалы отбасыларды мемлекеттік қолдау жүйесіне қатысты жаңашылдықтар бар. Әлеуметтік кодекс қолданыстағы бірыңғай жүйені толық сақтауды, сондай-ақ балалары бар отбасыларды қолдаудың жаңа параметрлерін белгілеуді көздейді. Сөз басында айтқанымызда бүгінгі тақырып осы мәселеге арналмақ. «Әлеуметтік кодекстегі» өзгерістер турасында сөз қозғамақпыз. Бүгінгі мақаламызға сол өзгерістер туралы ақпарат беретін спикеріміз Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы  Оразбеков Аслан Ұланұлы. Айталық, 2022 жылғы 1 желтоқсанда ҚР Президенті «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заңға қол қойды, ол 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кейбір әлеуметтік және базалық көрсеткіштерге өзгерістер енгізілді. Зейнетақылардың, жәрдемақылардың және ең төменгі жалақының өсуі, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет іске асыратын осы және басқа да өзгерістер ағымдағы жылдың өзінде-ақ көптеген қазақстандықтарға әсер етті. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада ең төменгі жалақының мөлшері 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды. Базалық зейнетақының, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және БЖЗҚ-дан ең төменгі зейнетақы төлемінің мөлшері күнкөріс деңгейіне байланысты, олар да 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап ұлғайды. 2023 жылы айлық есептік көрсеткіш ұлғайып, 3450 теңгені құрады. Ол жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұлдар, салықтар және басқа төлемдерді қолдану үшін қолданылады. Жыл басынан бері қалыптасқан зейнеткерлер үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5% - ға артты. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Яғни, ақшалай мәнде зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғары табыс 2022 жылы 146,3 мың теңгеден 2023 жылы 189,8 мың теңгеге дейін ұлғайды, бұл, сайып келгенде, олардың ұлғаюына қарай зейнетақы мөлшеріне де әсер етеді. Ағымдағы жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 53 076 теңгені құрайды. Айта кету керек, бұл жерде 1998 жылға дейін толық жұмыс өтілі бар қазақстандықтар үшін жасына байланысты зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері көзделеді: ерлер үшін – 25 жыл және әйелдер үшін – 20 жыл. Егер зейнеткердің еңбек өтілі аз болса, онда зейнетақының ең төменгі мөлшері оның мәніне пропорционалды түрде азаяды Базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы өсуін, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оның ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54% - дан 60% - ға дейін есептеу тәртібінің өзгеруін ескере отырып өсті. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылға дейін болған жағдайда, азаматтар базалық зейнетақының ең төменгі мөлшеріне сене алады, ол қазір ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60% – на тең немесе 24 341 теңге. Ал 10 жылдан астам еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін төлем 2% - ға артады. Базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері 30 жыл немесе одан да көп жұмыс өтілі бар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% - на жетуі мүмкін. Яғни, базалық төлемнің түпкілікті мөлшері еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу уақытына байланысты болады. Бұл ретте 2023-2027 жылдар кезеңінде ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін кезең – кезеңімен 54-тен 70% - ға дейін, ең жоғары - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100-ден 120% - ға дейін жеткізу көзделеді. 2023 жылы базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%, немесе 40567 теңгені құрайды. Мемлекеттік бюджеттен алғашқы жәрдемақы баланың туылуына байланысты төленеді. Алғашқы үш балаға бір мезгілде 38 айлық есептік көрсеткіш төленеді, бұл 2023 жылы 131 100 теңгеге тең. Төртінші және одан кейінгі балалардың тууына - 63 айлық есептік көрсеткіш немесе 217 350 теңге. Осы төлеммен бірге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын (жұмыс істемейтін) әйелдерге бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы ресімделеді. Оның мөлшері балалардың кезектілігіне және айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне де байланысты. Бірінші балаға айына 5,76 айлық есептік көрсеткіш қойылды - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл 19 872 теңге. Екіншісіне - 6,81 айлық есептік көрсеткіш (23 495 теңге), үшіншісіне - 7,85 айлық есептік көрсеткіш (27 083 теңге), төртіншісіне және одан кейінгі балаларға - 8,9 айлық есептік көрсеткіш (30 705 теңге). Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыс істейтін әйелдерге бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады, олардың мөлшері айылқ есептік көрсеткішке емес, олардың орташа айлық жалақысына байланысты. Бұл ретте 2023 жылдан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақылар да, әлеуметтік төлемдер де бір жарым жылға дейін төленетін болады. Мүгедек балалар тәрбиеленетін отбасыларды қолдау үшін Қазақстанда кәмелетке толғанға дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері 2023 жылы 56 794 теңгені құрайды. Жаңа жылда көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты да өсті: Төрт баласы бар отбасыларға ай сайын 55 304 теңге (бұрын 50 976 теңге), бес баласымен - 69 138 теңге (бұрын 63 728 теңге), алтауымен – 82 973 теңге (бұрын 76 479 теңге), жеті баламен – 96 807 теңге (бұрын 89 231 теңге), сегізінші және кейінгі бала - әрқайсысына 13 800 теңгеден (бұрын 12 720 теңге). Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% арнайы жинақтау шоттарына аудару көзделген. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде Әлеуметтік кодекс өз күшіне енді.  «Әлеуметтік кодексті жалпы ТМД мемлекеттері тәжірибесіне енгізілген алғашқы біртұтас әлеуметтік құжат деп айтуға болады. Жаңа кодекстің негізгі мақсаты – бұл халықтың түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Бүгінгі күні Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қолданыста 17 заңнама бар. Осы заңнаманың барлық нормалары  біріктіріп, Әлеуметтік кодекспен қамтылмақ. Кодекс адамның бүкіл өмірлік циклін қамтиды. Ол туғаннан кәмелетке толғанға дейінгі әлеуметтік қолдау, еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру іс-шаралары, өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек, сондай-ақ жасы ұлғайған шақтағы қолдаулардың барлығы енді осы бір құжатпен реттеледі.»-  Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы  Оразбеков Аслан Ұланұлы. Әлеуметтік кодекске «Наградталған аналар» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл мәртебені «Күміс алқа», «Алтын алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендері бар әйелдерге беріледі. Сондай-ақ наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделеді. «Алтын алқа» алқасымен, «Батыр ана» атағы бар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылды – 25530 теңге. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап аталған мөлшерде 7120 адам жәрдемақының осы түрін тағайындау жүзеге асырылды. Екіншіден, қылмыстық-атқару жүйесіндегі бірінші топ мүгедектігі бар азаматтарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға бірінші топ мүгедектігі бар азаматтың күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы тағайындау құқығы берілген. Осы ретте, бірінші топ мүгедектігі бар азамат пен күтімді жүзеге асыратын адам бір қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болу қажет. Жәрдемақы тағайындауға өтініш беруге қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі ықпалдасады. Осы ретте, бүгінгі таңда күтімді жүзеге асыратын адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын атап өтеміз. Дегенмен, Кодекс аясында аталған санаттағы азаматтар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарынан алынып тасталады. Кодекске сәйкес оларға бірінші топ мүгедектігі бар азаматтарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға 1,61 ең төменгі күнкөріс мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындалалы – 65313 теңге. 2023 жылдың шілдесінен бастап 3669 алушыларға жәрдемақы мөлшері арттырылды. Үшіншіден, мүгедек адамдардың әл-ауқатын арттыру мақсатында мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін жәрдемақылардың мөлшерлері ұлғайтылды. Сондай-ақ, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды. Мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы: Жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 1,71 АЕК-ке – 5900 теңге;
  • жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 0,74 АЕК-ке – 2553 теңге;
  • саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 1,23 АЕК-ке – 4244 теңге;
  • Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 1,23 АЕК-ке – 4244 теңге;
2023 жылғы 1 шілдеден бастап 7165 алушыға мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін арттыру жүзеге асырылды. Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері: Жәрдемақының мөлшері 1,61 күнкөріс дейңгейінің мөлшерін құрады – 65313 теңге. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 6332 алушы бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыру жүзеге асырылды. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: Жеті жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мүгедектік топтарына бөлінбейді, олардың барлығына ай сайын 1,61 күнкөріс деңгейі мөлшерінде төлем төленеді, бұл өткен жылы 65313 теңгені құрады. Үшінші мүгедектік тобының жетіден он сегіз жасқа дейінгі балаларына бірдей мөлшерде төленеді. Екінші топ үшін төлемдер 1,83 күнкөріс деңгейі (74238 теңге), бірінші – 2,20 күнкөріс деңгейі (89248 теңге) құрады. Бірінші және екінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін осындай жәрдемақы мөлшері көзделген. Үшінші топ үшін ай сайынғы төлем 1,61 күнкөріс деңгейіне (65313 теңге) тең. Бірінші топтағы жалпы аурудан мүгедектігі бар ересектерге арналған жәрдемақы мөлшері де 2,20 күнкөріс деңгейі (89248 теңге) құрады. Екінші топ үшін - 1,76 күнкөріс деңгейі (71398 теңге), ал үшінші топ үшін – 1,20 күнкөріс деңгейі (48681 теңге). 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 33684 алушыға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру жүзеге асырылды. Мүгедектік кезеңінде асыраушысынан айырылған жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері белгіленген, қайтыс болған асыраушының отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерінің санына сәйкес келетін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне ұлғайтылады. Көрсетілген балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қайтыс болған асыраушының асырауында болу фактісіне қарамастан жоғары мөлшерде белгіленеді. Мүгедектік кезеңінде асыраушысынан айырылған бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері белгіленген, қайтыс болған асыраушының отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерінің санына сәйкес келетін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне ұлғайтылады. Осы адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы аталған адамдар қайтыс болған асыраушының асырауында болған жағдайда жоғары мөлшерде белгіленеді. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: Асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алуға қайтыс болған адамның асырауындағы еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері құқылы, бұл, әрине, балалар. Егер асыраушы қайтыс болғаннан кейін отбасының бір ғана еңбекке жарамсыз мүшесі қалса, онда оған берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 0,92 ең төменгі күнкөріс деңгейін құрайды, бұл 37322 теңгені құрайды. Егер асырауындағы екі адам болса, онда барлық еңбекке жарамсыз отбасы мүшелеріне 1,70 күнкөріс деңгейі (68964 теңге), үшеуі – 2,25 күнкөріс деңгейі (91276 теңге), төртеуі – 2,60 күнкөріс деңгейі (105475 теңге), бесеуі – 2,75 күнкөріс деңгейі (111560 теңге), алты және одан да көп – 3,00 күнкөріс деңгейі (121701 теңге) төленеді. Жетім балаларға ата-анасының екеуі де жоғалған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір айлық жәрдемақы әр балаға 1,54 күнкөріс деңгейін (62474 теңге), отбасының қалған еңбекке жарамсыз мүшелеріне – 0,62 күнкөріс деңгейі (25151 теңге) мөлшерінде, бірақ барлығына 2,92 күнкөріс деңгейін (118456 теңге) аспайтын мөлшерде тағайындалады. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 12222 алушыға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру жүзеге асырылды. Жасына байланысты зейнетақы мөлшерін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне дейін жеткізуді ескере отырып, зейнетақы төлемдерін алушыларға 5194 теңге көтерілді. 2023 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты проактивті қызмет арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қажетті еңбек өтілінің ұзақтығы, сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін қажетті зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы деректерді қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың кадр қызметінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне HR ENBEK-те қолжетімділік береді.»- Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы  Оразбеков Аслан Ұланұлы. Оқу, әскери қызмет, еңбек қызметі (еңбек кітапшасы, еңбек шарты, архивтік анықтама, бұйрықтың көшірмесі), жұмыс істемейтін ананың жас балалары үш жасқа толғанға дейін оларды бағып-күткен кезеңін қоса алғанда, қызметкерінің еңбек қызметі туралы мәліметтер HR ENBEK-ке басталған сәтінен бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін енгізіледі. Еңбек қызметі кезеңдері (білім туралы диплом, әскери билет, балалардың туу туралы куәлігі) және еңбек қызметі туралы құжаттардың сканерленген түпнұсқаларымен расталады. HR ENBEK-тегі қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер жұмысқа қабылданған, жұмыстан босатылған күні туралы, жұмыс, оқу, қызмет орнының, еңбек қызметін жүзеге асырған елді мекеннің (облыс, қала, аудан) атауы, баласының (балаларының) туған күні туралы толық деректерді қамтиды. HR ENBEK-те мәліметтерді толтырғаннан кейін, кадр қызметінің қызметкері заңды тұлғаның ЭЦҚ мәліметтеріне қол қояды және зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 10 күнтізбелік күн бұрын «Е-Макет»ААЖ-ға жібереді. Осылайша, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамынан зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға құжаттарды қалыптастыруды және жіберуді мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадр қызметі жүзеге асыратын болады.    
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар