сәрсенбі, 14 мамыр, 2025 18:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл елімізде 112 мектеп пайдалануға беріледі

Биыл елімізде 112 мектеп пайдалануға беріледі
Фото: Оқу - ағарту министрлігі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 206 мың орындық 112 мектеп пайдалануға беріледі. Оның 45%-ы ауылдық жерлерде салынады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы 460 мың орындық жаңа форматтағы 217 мектептің құрылысы жоспарланған. Ұлттық жоба балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сәйкес келетін сапалы тегін білімге тең қол жеткізуі үшін жағдай жасайды, - делінген хабарламада.

Жалпы елімізде 4 миллионға жуық оқушы бар. Оның 2,3 миллионы қалада, 1,6 миллионы ауылдық жерде білім алуда.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар