бейсенбі, 15 мамыр, 2025 14:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көкшетаудағы жылу қазандығын жөндеу үшін Үкіметтен қаржы бөлінді

Көкшетаудағы жылу қазандығын жөндеу үшін Үкіметтен қаржы бөлінді
Фото: kz.akmol.kz
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және жылу көздерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында, Үкімет резервінен Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы жылу көзін жөндеуге шамамен 1,1 миллиард теңге бөлінді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Құжатта көрсетілгендей, 2025–2026 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету және осы кезеңде жылусыз қалмау үшін Көкшетау қаласындағы №2 аудандық қазандықта (АҚ-2) жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл мақсатқа бөлінген қаражат Ақмола облысының бюджетіне аударылады.

Аталған қаржы «Көкшетау жылу» кәсіпорнының автоматтандырылған басқару жүйесін, бақылау-өлшеу құралдарының далалық деңгейін, тозаң көмірмен жұмыс істейтін қазандықтың автоматикасын жаңартуға, сондай-ақ қазандық агрегатының қыздыру беттері мен ауа жылытқыш текшелерін және тозығы жеткен құрылғыларды жөндеуге және ауыстыруға бағытталады.

Еске салсақ, Көкшетау қаласы №1 (мазутпен) және №2 (көмірмен) аудандық қазандықтар арқылы жылумен қамтамасыз етіледі. Негізгі жылу көзі – тозаң көмірмен жұмыс істейтін №2 қазандық. Қаладағы жылу желілерінің ұзындығы – 188,7 км, оның ішінде 51 км – магистралдық, 137,7 км – орамішілік. Көп бөлігі 1977 жылдан бері пайдаланылып келеді.

2024 жылы Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен 6 шақырымдық магистралдық желі жөнделіп, №2 және №3 қазандық агрегаттарына жаңарту жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде тозу деңгейі 45%-дан 43%-ға төмендеді, ал апаттар саны 62-ден 47-ге дейін қысқарды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар