дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл мыңнан аса жамбылдық кәсіп бастауға грант алды

Биыл мыңнан аса жамбылдық кәсіп бастауға грант алды
ашық дереккөз
Биыл Жамбыл облысында мыңнан астам адам кәсіп бастауға грант алды. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат жиынында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Биыл облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 1 008 адамға 1,4 млрд теңге көлемінде қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Қайтарымсыз қаржыға өтініш беру порталы  8-ші  сәуірде іске қосылған. Сондай-ақ биыл облыс аумағында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында  362 жас кәсіпкерге 2,5 пайызбен 1,8 млрд. теңге көлемінде микронесие беріледі», - деді Еркін Келесов. 

Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен бизнес арасындағы қатынас өзара сенімге негізделуі қажет екенін айтып, кәсіп бастауға грант беру мәселесін жіті бақылауда ұстауды тапсырған еді.

– Мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек. Мұндай ұстаным, түптеп келгенде, басқарудың репрессивті сипатына алып келеді. Мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті. Мұны ерекше атап өткім келеді: кәсіпкерлерге көмектесу керек. Ал кәсіпкерлер шағымданушы немесе қолдауға мұқтаж рөлінде көрінбей, мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуға тиіс, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар