жұма, 22 қараша, 2024 19:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мойынқұм ауылында мал саны 40 пайызға өсті

Мойынқұм ауылында мал саны 40 пайызға өсті
ашық дереккөз
Мойынқұм ауылында мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі артып келеді. Жыл басынан бері өндірілген ет көлемі 0,18 пайызға, сүт өнімі 0,7, жұмыртқа 20 пайызға артқан.

Округте 13 мың мүйізді ірі қара, 26 064 қой-ешкі, 2607 жылқы, 157 түйе мен 7032 үй құсы бар. Алдыңғы жылға қарағанда мал саны 40 пайызға өсті.

Мал өнімінің көлемі артып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен кезекті брифингте Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұлайтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Облыс орталығынан шалғайда жатқан ауыл тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Жалпы, округ аумағында 790 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 700-і жеке кәсіпкерлікпен айналысса, 90-ы шаруа қожалығы ретінде тіркелген. Осыған орай, ауылда мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі артып келеді. Жыл басынан бері өндірілген ет көлемі 0,18 пайызға, сүт өнімі 0,7, жұмыртқа 20 пайызға артқан. Округте 13 мың мүйізді ірі қара, 26 064 қой-ешкі, 2607 жылқы, 157 түйе мен 7032 үй құсы бар. Алдыңғы жылға қарағанда мал саны 40 пайызға өсті. Өткен жылы округтің 9 азаматы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 1 миллион 380 мың теңгеден қайтарымсыз грант алды. Оның екеуі мал шаруашылығымен айналысса, қалғандары құс шаруашылығын, мал етін, бие сүтін өндіруді қолға алған», - деді ол.

Ауыл әкімінің сөзінше, өткен жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүргізу жоспарына сәйкес, 18 адамға ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама берілсе, оның екеуі тұрақты жұмысқа орналастырылды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 60 азамат жұмыспен қамтылған.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Президенттікке келгелі ауылды дамыту туралы үнемі айтып, Үкімет пен жергілікті билікке тиісті тапсырмалар беріп келеді.

"Алдымызда тұрған аса маңызды міндет бұл – ауылды жан-жақты дамыту. Себебі, ауылды дамыту – түптеп келгенде, бүкіл Қазақстанды дамыту деген сөз. Сондықтан биыл біз "Ауыл аманаты" жобасын бастадық. Ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін 100 миллиард теңге бөлінеді. Соның арқасында 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Келесі жылдан бастап бизнесті дамытуға арналған бірыңғай кешенді бағдарлама қолға алынады. Болашағы бар шағын және орта бизнеске басымдық беріледі. Яғни мемлекет өндірістік қабілеті жоғары және экспортқа өнім шығаратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді", - дейді Президент.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар