дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Талас ауданының әкімі инвесторлармен кездесті

Талас ауданының әкімі инвесторлармен кездесті
ашық дереккөз
Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков аймақта жұмыс істеп жатқан инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Инвестиция тартуға мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктер, кәсіпкерлікті дамыту бойынша көрсетілетін қолдау шаралары айтылған жиынға «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Мерей Омаров, «AsiaChem» тыңайтқыш өңдеу зауыты директорының орынбасары Жасұлан Есжанов, «Alina Group» ЖШС Қаратау филиалының басшысы Марат Ташимов, «Жамбыл Недр» ЖШС өкілі Марат Омаров және «Karatau chemicals» ЖШС өкілі Нұрбол Мадемаров қатысты.  

Натрий ционидін өндіретін «Talas Investment Company» кәсіпорны 2014 жылы іске қосылған. Қазіргі уақытта қалыпты режимде жұмыс істеп келеді. 300 адам жұмыспен қамтылған. Өндіріс қуатын 30 мың тоннаға дейін жеткізу мақсатында натрий цианидін өндіретін зауыттың екінші кезеңінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Ал «AsiaChem» фосфор тыңайтқышын өңдеу зауытында 230 адам еңбек етеді.

Сонымен қатар, «Alina Group» ЖШС Қаратау филиалы мәрмәр шығарумен айналысады. «Karatau Chemicals» ЖШС пиросульфит өңдейді. Зауыт жылына 25 тонна пиросульфит натрий өндіруге қауқарлы. Бүгінгі таңда 30-дан астам адам жұмыс істеуде. Сондай-ақ «Жамбыл Недр» ЖШС 2015 жылы құрылған. Зауытта 150 адам қызмет етуде. Қазіргі уақытта М400, М500 маркалы цемент өндіруде. Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі жобалардың барлығы да аудан үшін аса маңызды екенін, соның негізінде жаңа жұмыс орындары ашылып, жалпы алғанда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жақсара түсетінін атап өтті.

Айта кету керек, Президент инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізуді тапсырған еді.

«Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек.  Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты  қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ, жер телімдерін беруге болады. Барлық инвестициялық міндеттемесін адал орындайтын кәсіпорындар да бар. Оларға арнайы экономикалық аймақтан жер телімін жеке меншікке беру мәселесін шешу қажет. Жалпы, инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі», - деген еді Президент өз Жолдауында.  

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар