
2025 жылы 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтарды әскер қатарына шақыру туралы президент жарлығын іске асыру бойынша үкімет қаулысына премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі саны 42 098 ер азаматты 2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыру жүргізілсін, – делінген қаулыда.
Еске салайық, 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады, оның ішінде:
ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары – 700 адам;
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131 адам;
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі – 4 адам.