сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 11:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл тауар импорты тарихи көрсеткіштерден де асып түсуі мүмкін – Ұлттық банк

Биыл тауар импорты тарихи көрсеткіштерден де асып түсуі мүмкін – Ұлттық банк
ашық дереккөзі
Биыл тауар импорты тарихи көрсеткіштерден де асып түсуі мүмкін – Ұлттық банк
2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет нақтыланып жатқан Сенат отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов елдегі төлем балансы қандай динамика көрсететінін айтты, хабарлайды Jambylinfo.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Ұлттық банктің бағалауынша, төлем балансының ағымдағы шоты профицит аймағынан орта мерзімді перспективада дефицит аймағына біртіндеп ауысады. Шикізат бағасының түсуіне және импортқа деген сұраныстың өсуіне байланысты ағымдағы шоттың оң сальдосы қысқарды», - деді Ұлттық банк басшысы. Оның болжамынша, экономикалық даму болжамының базалық сценариі сақталса, мұнай саудасының есебінен тауар экспортының деңгейі қазіргі деңгейде сақталады. «Ал тауар импорты болса, одан әрі өсіп, біздің болжам бойынша, ең жоғары тарихи көрсеткіштен асып түседі. Импорттың өсіп келе жатқан деңгейі халық пен бизнестің арта түскен сұранысын қанағаттандыру үшін Қазақстандағы өндірістің жеткіліксіз болуына, мемлекеттік бастамалар мен экономиканы қолдау бағдарламаларының іске асырылуына байланысты болып отыр», - деді Ғалымжан Пірматов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар