Жаңалықтар
Кейінгі бес жылда бюджеттің шығыны кірісінен 2 есе асып кетті – Сенат төрағасы
- авторjambylinfo.kz
- 16 наурыз, 2023
- 225
Кейінгі бес жылда бюджеттің шығыны кірісінен 2 есе асып кетті – Сенат төрағасы
Кейінгі 5 жылда бюджет шығыны кірісінен 2 есе асып кетті. 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет нақтыланып жатқан Сенат отырысында спикер Мәулен Әшімбаев осындай пікір білдірді, хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Бір ғана санды келтірейін. Кейінгі бес жылда республикалық бюджеттің мұнайдан тыс кірісі 66 пайыз өскен. Бір қарасаң, 5 жылдың динамикасы жақсы сияқты. Ал шығыс дәл осы кезеңде 120 пайыз артқан. Яғни, бізде республикалық бюджеттің шығысы кірістен екі есе алда келеді. Осыған байланысты Үкіметтің қажетті ақшаны не ұлттық қордан, не бюджет тапшылығын ұлғайту арқылы алып отырғаны түсінікті. Бұл бюджет жобасында тапшылық бұрынғы мөлшерде қалғанын көріп отырмыз. Яғни, сәйкесінше ұлттық қордан алып отырмыз», - деді Мәулен Әшімбаев.
Оның пайымынша, Үкіметте бұдан басқа жол да жоқ.
«Бірақ одан басқа көз жоқ болып тұр ғой. Немесе салық базасын ұлғайту керек. Сонда негізгі месседж – бәрімізге қаржылық тәртіпке келу керек. Ұлттық қор қаражатын тек стратегиялық шығындарға ғана жұмсауымыз керек және қордың активін арттырудың шынайы стратегиясы қолымызда болуы қажет. Жыл сайын 4 трлн теңгеден алсақ (Ұлтттық қордан – ред.), оны қалай ұлғайтамыз? Депутаттар ұлттық қордың қаражатын пайдалану стратегиясын емес, активін арттыру стратегиясын көргісі келеді», - деді Сенат спикері.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024