жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Біз Ресейден қорықпаймыз – Қошанов

Біз Ресейден қорықпаймыз – Қошанов
ашық дереккөзі
Біз Ресейден қорықпаймыз – Қошанов
Мәжілістің кулуарында журналистер Қазақстанда Ресей билігіне қарсы пікір білдірген адамдардың жауапқа тартылатынын алға тартып, палата спикері Ерлан Қошановтан ойына не келсе соны айтатын ресейліктердің неге жазаланбайтынын сұрады. Тілшілер сұрақты "Біз Ресей тәуелдіміз бе? Олардан қорқамыз ба?» деп төтесінен қойды, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Біз Ресейге тәуелді емеспіз. Ресейден қорықпаймыз. Біз терезесі тең, егеменді мемлекетпіз. Біріншіден, барлық мәселе заң аясында жүргізіледі. Екіншіден, Қазақстанға қарсы сөз айтқан Ресей азаматы немесе басқа ел азаматтарының пікіріне қатысты Президенттен бастап, депутаттар, Сыртқы істер министрлігі өз жауабын беріп жүр. Оны сіздер естідіңіздер», - деді  Мәжіліс төрағасы.
Ерлан Қошановтың сөзінше, телеарналардан айтылып жүрген, кейбір журналистердің айтып жүргені пікірлері Ресейдің ресми ұстанымы мен ресми мәлімдемесі емес.
«Бұл – жекелеген азаматтарының жауапкершілігі және пікірі. Оларға жауапты Президент те, Сыртқы істер министрлігі де, депутаттар да беріп жүр. Егер ол жерде біздің тарапымызға деген заң бұзу  болса, онда біздің Бас прокуратура арқылы Ресейдің бас прокуратурасына талаптар жолданады»,  –  деді ол.
Еске сала кетейік,  Ресейдің "Россия-1" телеарнасының "Вечер с Владимиром Соловьёвым" ток-шоуында Қазақстанды "Украинадан кейінгі  проблема" деп атады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар