жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тасмағамбетов саясатқа оралды

Тасмағамбетов саясатқа оралды
ашық дереккөзі
Тасмағамбетов саясатқа оралды
Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы болды, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл қызметте беларусь Станислав Застың орнына Иманғали Тасмағамбетов келді. ҰҚШҰ жарғысына сәйкес, Бас хатшы «Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен ҰҚШҰ елдері Сыртқы істер министрлері кеңесінің ұсынысы бойынша мүше мемлекеттердің азаматтары арасынан үш жыл мерзімге» тағайындалады. Осылайша, Тасмағамбетов 2025 жылдың соңына дейін дерлік ҰҚШҰ Бас хатшысы болады. Тасмағамбетов 1993 жылдан 1995 жылға дейін президенттің көмекшісі, 1995 жылдан 1997 жылға дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ әр уақытта Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары және президенттің бірінші көмекшісі қызметтерін атқарған. 2002 жылы Тасмағамбетов премьер-министр, 2003 жылы мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Кейін Алматы қаласының әкімі (2004-2008), Астана қаласының әкімі (2008-2014) қызметтерін атқарған. 2014 жылдың 22 қазанында Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 2016 жылдың 13 қыркүйегінде Премьер-Министрдің орынбасары болды. 2017 жылдың 3 ақпанынан бастап Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елші қызметін атқарды. 2019 жылдың желтоқсанында Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі қызметінен босатылды. 2022 жылдың мамырында Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар